«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 02.06.2025 күні «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты салтанатты түрде ұйымдастырылды. Бұл – балалар үшін қызықты демалыс, жарқын әсерлер мен жаңа достықтарға толы ерекше маусымның бастауы.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, ата-аналар және оқушылар қатысты. Ашылу салтанатында мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна құттықтау сөз сөйледі.Өз сөзінде мектеп директоры балаларға сәтті демалыс, жарқын көңіл-күй, шығармашылық табыс тілей отырып, лагерьде өткізілетін әрбір күннің мағыналы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету – ұстаздар мен ұйымдастырушылардың басты міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол жазғы лагерь тек демалыс орны ғана емес, сонымен бірге баланың тұлға ретінде қалыптасуына, мәдени және рухани дамуына ықпал ететін орта екенін баса айтты.Мерекелік шара барысында балалар өнер көрсетіп, көңілді әндер шырқалды, би билеп, түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды. Лагерьдің ашылуы балалар мен ата-аналардың жүздеріне шаттық ұялатты.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас жазғы сәттер тілейміз!
«Күншуақ» – шаттық пен бақыт мекені!
#КүншуақЛагері
#БалаларКүні
#КөңілдіЖаз2025
