31.05.2025ж күні мектептің ұжымы және кіші қызметкерлері қалалық сенбілікке шығып «Жасыл апта» экологиялық іс-шарасы аясында қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған игі іске өз үлесін қосты. Аталған шара шеңберінде мектеп ауласында және қаладағы саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында ұжым мүшелері сенбілікке шығып, саябақ аумағындағы қоқыстарды жинап, өсімдіктер мен ағаштар маңын ретке келтірді. Бұл бастама табиғатты аялау мен экологиялық тәрбие берудің маңызды жолы ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
#ТазаҚазақстан
#Жасыл Ел
