2025 жылғы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қаламыздағы “Белгі” ескерткішіне барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым еттік. Шара барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, жазықсыз жапа шеккендердің рухына құрмет көрсетілді.Бұл іс-шара — халқымыздың тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі болған саяси қуғын-сүргін кезеңін ұмытпай, оның құрбандарын мәңгі есте сақтау, ұрпақ санасына әділет пен еркіндіктің маңызын сіңіру жолындағы тағылымды қадамдардың бірі болды.
