2025 жылғы 29 мамыр күні қалалық “Бала қауіпсіздігі – басты орында” тақырыбында төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Судан құтқару орталығының мамандары, өрт сөндіру бөлімі және құтқару қызметі мамандары оқушылармен және ұстаздармен арнайы кездесу ұйымдастырды. Мамандар төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер, қауіпсіздік ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары туралы кеңінен түсіндіріп, тәжірибелік жаттығулар өткізді.
Жаттығу барысында:
• Өрт кезіндегі эвакуация тәртібі көрсетілді;
• Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды;
• Жасанды тыныс алдыру мен жүрекке жанама массаж жасау тәсілдері көрсетілді;
• Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің арнайы құрал-жабдықтары таныстырылды.
Бұл шара оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету қабілеттерін қалыптастыруға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.
//Қазақстанбалалары