2025 жылдың 29 мамыр күні негізгі орта білім беру курсын аяқтаушы 9-сынып оқушылары алгебра пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханын сәтті тапсырды.
Оқушылар емтихан барысында өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, математикалық сауаттылықтарын көрсете білді. Емтихан тәртіппен, әділ әрі талапқа сай жүргізілді.
Нәтижелер оқушылардың жыл бойғы еңбектерінің жемісін көрсетті.
Барлық оқушыларға алдағы емтихандарда да сәттілік тілейміз!
