2025 жылдың 27мамыр күні қаламыздағы жастар алаңында балалардың құқықтары туралы қоғамның хабардар болу деңгейін анықтау мақсатында «Балалар құқықтары туралы не білесіз?» атты көшедегі блиц-сауалнама ұйымдастырылды.
Сауалнамаға әртүрлі жастағы азаматтар қатысты. Қатысушыларға балалардың негізгі құқықтары (білім алу, денсаулық сақтау, ойын ойнау, отбасында тәрбиелену, зорлық-зомбылықтан қорғану және т.б.) туралы бірнеше қысқа сұрақтар қойылды.
Блиц-сауалнама нәтижесінде тұрғындардың басым бөлігі балалардың негізгі құқықтары туралы хабардар екенін көрсетті. Алайда кейбір қатысушылар бұл құқықтар жайлы толық ақпарат білмейтінін айтып, мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара балалар құқығы туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға және ересектердің де, жастардың да құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
#БалаларҮніБлиц