Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де Халықаралық…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар үні» атты тақырыптық күнді өткізу барысында халықаралық балаларды қорғау күні аясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп ортасында бала құқықтарын сақтау, олардың қауіпсіз ортада еркін және бақытты өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында мектеп психологы М.С.Толеубекова және Балқаш ПБ Учаскелік полиция инспекторы кәмелетке толмаған балалар істер жөніндегі полиция капитаны Қоразбаев Н.А бірлескен «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін насихаттайтын қысқаша бейнероликтер көрсетіліп, балаларға мектептегі қауіпсіздік ережелері, буллингтің алдын алу жолдары, өзін-өзі қорғау тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 7–11 сынып аралығындағы оқушылар, ұстаздар белсенді қатысты. Балалар өз ойларын ашық жеткізіп, мектептегі қауіпсіз орта қалыптастыруға деген қызығушылықтарын танытты. «Балалар үні» акциясы арқылы оқушылардың пікірін ескеру және болашақта мектеп өміріне белсенді араласуына жол ашылды.
#Қазақстанбалалары,
#БалаларҮні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *