Skip to content

🔰Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2025…

🔰Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2025 жылдың 24 мамыры күні сағат 10:00-де мектептің мәжіліс залында«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді.

🔔Бұл – он бір жыл бойы мектеп қабырғасында білім алған шәкірттердің үлкен өмірге аттанар алдындағы ерекше әрі толқулы сәті болды.

🔰Салтанатты сап жиынға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қауымы, ардагер ұстаздар, ата-аналар және 11-сыныптың бітіруші түлектері қатысты.

👩‍🏫Шараны мектеп директоры Г.Ж.Балапанованың құттықтау сөзімен ашылып, оқушыларға ізгі тілектер мен ақ баталар жолданды.

🎤Сөз кезегі ата-аналарға, ұстаздарға және түлектерге беріліп, жүрек тебірентер сәттер орын алды.

💠Сонымен қатар 1-сынып оқушылары аға-апаларына арнап өлең шумақтарын оқып, шығармашылық нөмірлер ұсынды.

👨‍🎓Түлектер де өз алғыстарын білдіріп, ұстаздарына жүрек жарды сөздерін арнады.

🎼Әсем әндер шырқалып, көркем би мен музыкалық көріністер көрермен көңілінен шықты.

🔔Мерекелік жиынның ең толғандырар сәті – соңғы қоңыраудың соғылуы болды.

💫 Бұл сәт барлық қатысушылардың жүрегінде ерекше әсер қалдырды.

🌹Бұл күн – әрбір түлек үшін мектеппен қоштасу ғана емес, өмірдің жаңа кезеңіне бастар жолдың алғашқы қадамы.

🔔 «Соңғы қоңырау» салтанаты барша қатысушылардың көңілінде ұзақ сақталатын әсерлі әрі мазмұнды іс-шара ретінде өтті.

#СыңғырлаСоңғыҚоңырау
#СоңғыҚоңырау2025
#МектеппенҚоштасу
#ҰстазғаТағзым
#ТүлекЖолы

@balqash_qbb
@karlygash_dsh
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *