Мектебімізде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әділеттілік, адалдық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқау «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» тақырыптық бағыттары бойынша 3–11 сынып оқушылары арасында өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпке деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ оқушыларды адалдыққа, әділеттілікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сонымен қатар, бұл байқау оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Эссе жазу барысында оқушылар өз көзқарастарын еркін білдіріп, өмірлік ұстанымдарын нақты мысалдармен негіздеуге тырысты.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жұмыстар сыныптар деңгейінде марапатталып, оқушылардың жетістіктері кеңінен насихатталды. Бұл өз кезегінде оқушылар арасында әділдік, тазалық, заңға бағыну сынды құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
#Адал_азамат
#Адал_азамат_эссе
#Білімім_Отаныма
