📚 2025 жылдың 23 мамыр күні 10 «А» сыныбында “Білімім – Отаныма!” атты тәрбиелік маңызы зор тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі, білім мен тәртіптің маңыздылығы жайында кеңінен сөз қозғалды.
🎖 Сонымен қатар, “Адал азамат” тақырыбында өткен эссе байқауының жеңімпаздары Серғазы Сабина мен Асылбеков Илияс арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
☀ Оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, соның ішінде суға шомылу, күн көзінен сақтану, жолда жүру тәртібі сияқты маңызды тақырыптар бойынша нұсқаулықтар берілді.
🏆 Жыл бойы үздік оқып, тәртібімен, белсенділігімен көзге түскен озат және үздік оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
#БілімімОтаныма
#ТәрбиеСағаты
#АдалАзамат
#ҮздікОқушылар
#ОзатОқушылар
#ЖазғыҚауіпсіздік
#МектепӨмірі
#10Асыныбы
#БілімТәрбиемен