Skip to content

🗂️Оқу жылының соңғы аптасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ережелеріне сәйкес, «Ата-аналарды…

🗂️Оқу жылының соңғы аптасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ережелеріне сәйкес, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жұмысын іске асыру мақсатында, 5 «А» сынып ата-аналарымен «Оқу жылын қалай аяқтадық?», «Жаз айларындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында сынып жетекші сағаты өтті.
🔖Мақсаты: ата-аналар (басқа да заңды өкілдер) арасындағы ынтымақтастықты дамыту, оқу жылының қорытындысымен таныстыру, оқушылардың жетістіктері, қиындықтар мен болашақтағы жоспарлар, жазғы демалыстағы сақтандыру шаралары туралы ақпарат беру.
⏰ Күн тәртібінде:
1.Оқу жылын қорытындылау білім сапасы
2.Біздің жетістіктеріміз…(олимпиада, конкурстар, спорттық жарыстар т.б)
3.Жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелері
4.Болашаққа жоспар
5.Әр түрлі мәселелер
Сынып жетекші сағатында жоспарланған барлық сұрақтар төңірегінде қорытынды жасалып, оқушылардың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын орындау туралы нұсқаулық таратылып, өскелең ұрпаққа деген қамқорлығы және мектебіміздің қоғамдық шараларында белсенділік танытып жүрген ата-аналарға сынып жетекшінің атынан алғыс хаттар берілді.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *