Skip to content

03.11.22ж мектептегі әдістемелік бірлестіктердің отырыстары өткізілді. Күн тәртібі бойынша …

03.11.22ж мектептегі әдістемелік бірлестіктердің отырыстары өткізілді. Күн тәртібі бойынша
 1-мәселе бойынша І тоқсан қорытындысына талдау жасалып, сараптама жасалды.
 Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бойынша әдістемелік бірлестік отырысында тарих пәннің мұғалімі Мақыш Т.Т инновациялық технологиялардың білім сапасын арттырудағы маңызы туралы
«Тарих сабағында АКТ қолданудың тиімді жақтары» тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шаймерден А.М. «БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, сараптау» тақырыбында баяндамаларын оқып, мұғалімдер арасында талқыланды.
 Орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бірлестігінің отырысында ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Б.Өміртай “Мәтінмен жұмыс жасаудағы тиімді әдістер” атты баяндамасымен таныстырса, орыс тілі пәні мұғалімі Н.М.Абитаева ұстаздармен “Речевой этикет как правила речевого поведения” тақырыбын талқылады.
 Жаратылыстану – математика бағыты бойынша әдістемелік бірлестігінің отырысында ӘБ жетекшісі Нурсапина С.Т. мұғалімдердің биылғы 2022-2023 оқу жылына бекітілген білім көтеру тақырыптарымен таныстырып, білім көтеру жұмыстарының орындалу деңгейі талқыланды.
 Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің отырысында 1 сынып оқушыларының бейімделу жағдайы қарастырылып, бастауыш сынып мұғалімі Асылбекова А.Т. «Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ "Отдел образования"
#ҚОББтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *