🔷 10 «А» сыныбында, 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне орай, «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сынып сағатында, оқушылар Тәуелсіздік жетістіктері, Тәуелсізідікке қалай жеттік?, Жаңа Қазақстан дегеніміз не?, деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті. Мұрат Сұлтан, Жұмағали Мерұлан, Жұматай Адамбек, Чекушкина Меланья, Қалхаман Дильназ, Айтпай Аружан, Қымран Фариза, Асу Гүлден сияқты оқушылар өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Еліміздің ертеңі- болашақ жастардың қолында. Тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік биікте самғай берсін, деген тілекпен, Ескендір Ибрагимнің «Көк тудың желбірегені» әнін хормен орындап, қорытынды жасалды.
#тәуелсіздіккүні
#16желтоқсантәуелсіздіккүні
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие