🔷 “Тарих толқынында” тарихи сауаттылық апталығының аясында, 7 “Ә” сынып оқушыларының қатысуымен “Ә.Бөкейханов және ұлттық тарихты зерттеу методологиясы” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны, еңбектері жайлы оқушылардың білімдерін толықтыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Ә.Бөкейханов туралы жан-жақты мағлұматтар ала отырып, Алаш ардақтысының өмір жолы баяндалған бейнебаяннан үзінді көріп, өз ойларымен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Какенова Айдана Талғатқызы.
#тарихисауаттылықапталығы
#тарихтолқынындатарихсауаттылықапталығы
