🔷 «Жаса , жайна Тәуелсіз Қазақстан»
Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-ң кітапханасында 15 желтоқсанда «Жаса , жайна Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, 10Ә сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Т.Мақыш пен кітапхана меңгерушісі К.Махашова танымдық сағат өткізді. Оқушылар өз айларымен бөлісті.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Оқушылар өз айларымен бөлісті.
Тәуелсіздік !Қасиетті де,құдіретті ұғымды ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы болған. Міне енді Тәуелсіз Қазақстанның тамыры тереңге тартып, жапырағы жайқала басталды. Еліміздің тәуелсіздік алуы – халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
