Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің мектеп кітапханасында 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұсынған қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Төлен Әбдік – қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал. Жыл кітабын бірге оқуға шақырамыз!