Skip to content

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өтіп жатқан,…

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өтіп жатқан, «Цифрлық әлем» компьютерлік және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында, 9-11 сыныптар арасында өткен “IT әлемінен” тақырыбындағы челленджге 10 «А» сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушылардың информатикаға, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу, оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
– Информатикаға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылықты қалыптастыру және нығайту; ақпараттық технологиялар саласында оқушылардың дайындық деңгейін арттыру; күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту.
Апта соңында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы шығарылып, іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.
#obb_qaraganda #umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *