Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп кітапханасында «Сырлас» кітапханасының меңгерушісі Мусылманбекова Наргүл Тулеуовна келіп 9 Ә сынып оқушыларымен «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы бойынша жыл кітабы Төлен Әбдіковтің шығармаларымен ой бөлісті. Оқушыларымыз Абильдинова Д.,Қмранова Н., Виликисова А., Мұнарбаева Л., Азаматқызы Ш. белсенділік танытып «Оң қол» шығармасы туралы оқығандарын жарыса ортаға салып,пікірлерін айтты. Кітапханада «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясына арналған кітап көрмесінен Төлен Әбдіковтің көркем әдебиеттерін оқушылар қызыға оқып жатыр. Оқуға құштар оқырмандарымыз көбейе берсін!
#оқуғақұштармектеп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *