Skip to content

Мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі педагог-зерттеуші, Абитаева Нурзия Магзумовна ,…

Мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі педагог-зерттеуші, Абитаева Нурзия Магзумовна , 27.02.2023 күні, 4 «Б» сыныбында магниттік мектептің жоспарына сәйкес, зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында, бірнеше әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақ жоғары дәрежеде өтті.
Зерттеу сабағына Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ тірек мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Айнабекова Ж.Б. , тірек мектебінің координаторы Жұмажанова Қ.М. қатысты. Қатысушы мұғалімдер өз пікірлерін білдірді, келесі сабақты жоспарлаудың барысын түсіндірді. Осы сабақты зерттеу үдерісінде ненің тиімді болғанын және алдағы уақытта нені өзгерту қажеттігін талқылап, ұсыныстарын айтты.
Зерттеу сабағын қадағалаған пән мұғалімдері Түгелбек А.Х., Какенова А.Т. зерттеу мақсатымен таныстыра отырып, сабақтан түйген ойларын, бақылаудағы оқушылардың жетістіктерін ортаға салды.
Жалпы зерттеу сабағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткізді. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсінді.
Тәжірибелі ұстаз, өз пәнінің іскер маманы-Нурзия Магзумовнаға шығармашылық ізденістеріңіз мол болып, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін демекпіз!
Мектеп координаторы: Ж.М.Имангалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *