Skip to content

Қарағанды облысының білім басқармасының “Сарыарқа дарыны” қосымша білім беру аймақтық…

Қарағанды облысының білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында Мәшһүр -Жүсіп оқулары Балқаш қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы N15 мектеп-лицейінде қалалық кезеңі өтті. Байқау төрт номинация бойынша болды.
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Аханова Айым жүлделі 2-орынмен марапатталды.
«Бас болып өнер білсең,тіпті жақсы» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Мұрат Сұлтан жүлделі 1-орынмен марапатталды.
« Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Жұмағали Мерұлан жүлделі 1-орынмен марапатталды.
«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Әбіш Аяулым жүлделі 2-орынмен марапатталды.
Бірінші орын алған 10-сынып оқушылары Мұрат Сұлтан мен Жұмағали Мерұлан облысқа жолдама алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *