Skip to content

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен , 03-07…

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен , 03-07 сәуір аралығындағы «XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында, Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ –нің
10 «А» сынып оқушылары арасында әдеби сөз сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру, олардың жауапкершілігін және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу.

Жоғары сынып оқушыларының мектептегі өзекті мәселелеріне орай,
1.Барлық орта мектептер оқушылар формасын талап етуі керек
2.Ер балалар қыздарға қарағанда жоғары үлгерімге ие… тақырыптары ұсынылды. Оқушылар екі тақырыпқа да қысқаша тоқталып, өз ойларын айта алды. Белсенді спикерлер: Қымран Фариза, Тұрған Еркеназ, Чекушкина Меланья, Адилетұлы Адиль, Жұмасейтов Ернұр, Әмірбек Ерсін берілген тақырыптарға өз ойларын еркін жеткізе алды.
Қалалық, облыстық дебат турнирінің жеңімпаздары, Мұрат Сұлтан мен Жұмағали Мерұлан төреші ретінде пікірлерін білдіріп, қорытынды жасады.
Дебат зияткерлік ойын емес, ол -сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, топпен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Оқушылар үнемі өзекті тақырыптар төңірегінде ашық ой бөліссе, бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен өзіне деген сенімін нығайтады, деп ойлаймын.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#оқусауаттылығыапталығы

#оқусауаттылықапталығы
#Қарағандыоблысыбілім09
#ҚОББтәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@orken.media
@balkhashtv
@severnoe_pribalkhashe_news
@balqash_oniri_gazeti
@balqash_qalasy_akimdigi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *