Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ…

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нде 25 сәуірде мектеп кітапханасында кітапханашы К.Махашова мен сынып жетекшісі З.Арстаналиеваның ұйымдастыруымен 3 сыныптар арасында «Үздік оқырман -2023» байқауы өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету,кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу.Өз беттерімен ізденуге тәрбиелеу. Оқырманның әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.

Кітапханада «Кітап –алтын қазына» тақырыбында кітап көрмесі , «Үздік оқырман буклеті» ұйымдастырылды. Оқушылар кітап көрмесіне қойылған кітаптармен таныстырылып,оқыған кітаптарынан үзінді оқыды. Кітапханашы әзірлеген «Қарға мен түлкі», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен ешкі» ертегі желісі бойынша 3 сынып оқушылары пазыл құрастырды. Сонымен қатар 3 топқа бөлініп «Адасқан әріптерден» сөздерді дұрыс тауып, «Сөзжұмбақтарды» шешті.Атап айта кететін болсақ Б.Алдаберген, І.Тимурқызы, Г.Русланқызы, Ж.Төребек, Н.Ибраш, Ә.Ермеков, Д.Тілеуқұл, Д.Ермек, Е.Сұлтанмахмұтқызы,Н.Жүкен шараға белсене қатысты. Оқуға құштар оқырмандарымыз көбейе берсін!

#оқуғақұштармектеп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *