05.05.2023 ж. Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушыларымен Азамат Есжанов туралы түсірілген «Адалдық сағатын» өткізді.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастыру, ел патриоты басты кейіпкер- азамат Есжановтың істерін үлгі ету.
Бейнероликте, сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдіктіні қолға түсірудегі жасаған ерліктері туралы, отбасы туралы, мамандығы жайлы айтылды, жедел қызмет кезінде қайғылы жағдайға душар болғаны, көзсіз ерлігі туралы айтылады.
Пайдаланылған дерек оқушылардың ой-өрісін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ болып өсулеріне септігін тигізеді деп ойлаймын.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
