Мектебімізде 3 «А» сыныбында 15- мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай
«Отбасы-бақыт аясы» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Отбасым – менің жүрегім
Отбасым – менің тірегім
Отбасым – менің Отаным.
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата – анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата – ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Сынып сағатында оқушылар өз отбастары жайлы әңгімеледі. Отбастарымен, бірге кітап оқитындарын қуана жеткізді.
