Қазіргі таңда әлемде балалар еңбегі маңызды мәселе болып отыр. Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметінше дүниежүзінде 215 млн бала еңбекпен шұғылданады. Ол балалардың дамуы мен білім алуына кедергі келтіріп, болашақтарына зор кесірін тигізеді. Ауыр жұмысқа ерте жастан араласқан балалардың басым бөлігі физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян шегіп, келешек өміріне қауіп тудыратын халді бастан кешуде. Маусымның бастапқы 12 күні бала еңбегін қорғауға арналған. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіретіні жасырын емес. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады. Сонымен қатар олардың білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне және кіріс көздеріне қол жеткізуі шектеулі. Осылайша, қиын жағдай қалыптасады: балаларды еңбекке тарту олардың болашақта білім алу перспективаларын нашарлатады, ал ол өз кезегінде оның кейіннен жұмысқа орналасуына әсер етеді. Соңғы нәтижесінде бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және еліміздің жалпы әлеуметтік- экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді.
