16.06.2023 күні сағат 10.00-де «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 9 сыныпты аяқтап отырған түлектерге арналған негізгі мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді.Сап жиында мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна оқушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.Негізгі мектепті бітіру туралы аттестат оқушыларға салтанатты түрде табысталды.2022-2023 оқу жылында 9 сыныпты бітірген оқушылар Айтбеков Альтаир,Сеилғазы Нұрхан,Абельдинова Дильназ,Асқар Диана,Қымыран Нұрбейнеге «Үздік аттестат» тапсырылды. Мектеп бітірушілердің сынып жетекшісі Жумабекова Бақыт Омирбековна оқушыларына құттықтау сөз сөйлеп,ақ жол тіледі.Салтанатты жиын соңында оқушылардың ән-күйлері орындалды.Ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздігін бақылау ерекше тапсырылды.Ата-аналар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.Соңында естелік суретке түсіріліп,оқушылар ата-аналарымен бірге үйлеріне қайтарылды.
