Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де
10 тамыз – Абай күніне орай Абай өлеңдерінің мазмұны бойынша жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Абайдың жыл мезгілдеріне арналған «Жазғытұрым», «Жаз», «Қыс», «Күз» өлеңдерін оқи отырып, мазмұны бойынша Абай дәуіріндегі қазақ ауылының сұлу табиғи келбетін көз алдына елестету, сөзбен өрнектелген табиғат көрінісіндегі өзгеше әлемді жүрекпен ынтыға қабылдап, қағаз бетіне суретпен бейнелеу.
Жас суретшілер байқауына Туғанбай Сезім,Каир Ерали,Жангалы Адильжан,Ержанқызы Інжу,Берлібай Айсұлтан,Ахылбек Адият белсене қатысып,Абай өлеңдерінің мазмұны бойынша сурет салды.
Ұйымдастырған: Бекбенбетова Г.К.
Каипбергенова С.А.
