🔹 01.09.23 ж. Білім күні мерекесіне орай, Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 ЖББ мектебі» КММ-нің 11 «А» сынып жетекшісі Ж.М. Имангалиеваның ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты:
1. Білімалушылармен бірге білімге ұмтылу,отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
2.Оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз, мейірімді болуға үйрету.
Міндеттері:
– білімалушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
– білімалушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
– отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Талқыланатын мәселелер: Оқушылардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай- ақ жаңа оқу жылынан не күтетіндерін талқылау ;
– «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында оқылған кітаптарды талдау, қызықты және маңызды оқиғалаларды талқылау.
Ұйымдастыру кезеңінде, оқушыларды жаңа оқу жылымен, білім күнімен құттықтады.
Сынып сағатының негізгі бөлімін қазақтың біртуар перзенті, ақын, жазушы Мағжан Жұмабаевтың «Ұлт мектебін туғызатын ана – ұлт тілі. Тілі бөлек ұлт түрі бөлек мектеп іздейді. Ұлт мектебі ұлт тілі негізіне құйылуға тиісті. Ұлт тілі ұлт мектебіне ана болуға тиісті. Шынында, осылай болады. Бірақ бір ұлттың тарихында түрлі себептермен ұлт мектебі бір дәуірлерде анасынан айырылып жетім болып қалуы мүмкін. Осындай дәуір біздің мектептеріміздің басынан да кешті, дұрысы, енді кешіп бара жатыр, мектептегі ана тілі –барлық білімнің негізі» , деген сөзімен басталып, ойталқы жүргізілді.
Белсенді оқушылар келешекте мектебіміздің Мағжан Жұмабаевтың есімін алуға талпыныс жасайтындарын, өз үлестерін қосатындары туралы ойларымен бөлісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі» деген қанатты сөзімен қорытынды жасалып, «Мектептегі құндылықтар» тақырыбында бейнероликті тамашалады.
