«Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенімдемін»
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтарды белгіледі. Ол ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды.
Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды.
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі. Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды.
Бәсекеге төтеп бере алатын ел боламыз десек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі толық айқындалған. Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігін өмірдің өзі талап еткендігін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз жан -жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты деп көрсетті. Соңғы жарты жылдағы әлемдегі індет, дағдарыс біздің әлсіз жақтарымызды ашық көрсетті. Жолдауда соның орнын толықтыруды ұсына отырып, жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған.
Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Мен бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын. Мен Қазақстан халқын Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін топтасуға және бірге тұрақты, гүлденген Қазақстан құруға шақырамын!
Орал Мамбетаев
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
@uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие #Bilim_quni