Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ…

Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ –де 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері Мухаметжанова Жайнагуль Саденовна қатысты. Мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді,ұстаздарды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ата-аналар атынан Кәрім Нұрдос Маратұлы және Мамбетов Орал Айдархаұлы құттықтау сөз сөйлеп,арнау оқыды.
Алғаш мектеп табылдырыған аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына Әліппе оқулығын ардагер ұстаз Ақаева Күлбахыт Каришевна және жас маман Қоянбаева Жұпар Мұратқызы табыстады.
Алғашқы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 А сынып оқушысы Бекишева Жанель және «ЖасҰлан»ұйымының төрағасы Жұмағали Мерұланға берілді.Жиын соңында мектеп кординаторы Иманғалиева Жаңылған Мұратқызы және «Жас Ұлан» ұйымының төрағасы Жұмағали Мерұлан мектеп табалдырығын жаңа аттағалы отырған бүлдіршіндерді мектепке кіру үшін алғашқы баспалдақ лентасы қиып,сыныптарына кіргізді. Барлық сыныптарда «Әділетті Қазақстан: сапалы білім,адал ұрпақ, табысты ұлт»тақырыбында 2023-2024 оқу жылының алғашқы сабағы өткізілді.
Сағат 11.00-де 1 сыныптың ата-аналары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.Ата-аналар мектеп асханасын,пән кабинеттерді,спорт залды жалпы мектепті аралап, ризашылықтарын білдірді.

@uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие #Bilim_quni

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *