Skip to content

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы…

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де, 06.09.23 ж
«Тіл тағдыры – кемел болашақ тұғыры» атты тілдер онкүндігіне орай, 5 «А» сыныбында «Тіл білгірі» атты зияткерлік сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту, ұлттық құндылықтарды дарыту.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден – ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері – халық даналығының жемісі. Әдебиет – халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Сайыс барысында қазақ тілі мен әдебиеті, салт-дәстүр бойынша оқушыларымыздың ой – өрісі, білімдері , ақылы мен ептілігі сарапқа салынды.

Алғашқы кезең «Таныстыру» формасы ерікті, топтың атын ойластырып, топ мүшелерін таныстырды. «Жүйрік болсаң шауып көр» кезеңінде, қазақ тілі мен әдебиетке, салт-дәстүрге қатысты сұрақтар қойылды. Ең жылдам жауап берген топ мүшелері әр сұраққа бір ұпайдан иеленді. Келесі «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде, логикалық тапсырмалар берілді. Әр түрлі тақырыпқа құрылған мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылып, сөзжұмбақтар шешті. Сайыста «Достық» және «Қыран» топтары белсене қатысып, алға шықты. Пән мұғалімі: Ж.М.Имангалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *