2023 жылдың 22 қыркүйегі күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері, “Өзін өзі басқару” ұйымының мүшелерімен бірге мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған. Күнделікті ас мәзірі жасалған тамақтарға сай.
Қарағандыоблысыбілім09#ҚОББтәрбие#ҚОББТӘРБИЕ#uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim
