Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің 10Ә сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы К.Махашова 29 қыркүйекте «Сәкен Сейфуллин атындағы» орталықтандырылған қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Цифрландырылған кітапхана» библиографиялық сағатына қатысты. Орталық кітапхананың «Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің» қызметкерлері: Жұманова Гүлім Мағауияқызы мен Джуматаева Айнұр Алтайқызы оқушыларға кітапхананың заманауи үлгідегі сайттарымен таныстырды. Білікті мамандар атқарып жатқан жұмыстары жайлы көптеген материалдарын көрсетті. Сонымен қатар сайттарға тіркеліп өлкеміздің ақын-жазушыларын, танымал тұлғаларын , тарихи деректері туралы мағлұматтарды қалай пайдалануға болатынын түсіндірді. Оқушылар белсене қатысып, кітапхананың жұмыстары жайлы ойларын ортаға салды.
