Skip to content

⚜Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен…

⚜Құрметті ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен 10 Ә сынып оқушылары құттықтайды!

💫Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қазыналы қариялар күш-қуаттарыңыз сарқылмасын, ел дамуы жолындағы берекелі бейнеттің зейнетін көріп, ұзақ жасаңыздар!
Дендеріңізге саулық, әулеттеріңізге амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын қазыналы қариялар!🎀🎀🎀

Сынып жетекші: Индира Жанаткызы

#10әсыныбы
#қарттаркүні #қарттарымасылқазынам
#қарттарымызаманболсын
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *