🔹 12 қазан 2023 «Жыл мұғалімі -2023» қалалық кезеңінде «№5 жалпы білім беретін мектебінің» биология пән мұғалімі Нурсапина Салима Тлековна «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінде» 8 «Ә» сыныбында биология пәнінен «Адамның ас қорыту жолдарының құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылармен «Көңілді шаршы», «Magic box», «Кинометафора» әдістері, QR код арқылы топтық жұмыс және «Додокаэдр» әдісімен жеке жұмыстар жасалынды.
Оқушылар сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды қызыға орындады. Сабаққа қатысты ой-пікірлерін «Ойды аяқта» әдісі арқылы ортаға салып, кері байланыс жасады.
#uo_krg
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
