Skip to content

Қазан айының 10-12 аралығында, Астана қаласында қашықтықтан «Менің Отаныма-менің бастамам»…

Қазан айының 10-12 аралығында, Астана қаласында қашықтықтан
«Менің Отаныма-менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар конференциясы өтті. Облыстық деңгейде бірінші орын иеленген
11«А» сынып оқушылары Жұмағали Мерұлан мен Мұрат Сұлтан республикалық деңгейде бақтарын сынады.
Жұмағали Мерұлан “Менің отбасым: сабақтастық құндылықтар мен мағыналар” номинациясы бойынша «Отбасылық оқу- ұрпақтардың рухани байланысы» тақырыбында отбасының басты құндылықтары, отбасылық оқудағы жеткен жетістіктері, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында отбасымен бірге оқудың тиімділігі туралы жобасын ұсынса, Мұрат Сұлтан «Менің ашық университеттерім» номинациясында, «Көкше көлдің экологиялық жағдайы» тақырыбында туған жерге деген басты құндылықтарға тоқталып, Балқаш көлінің ахуалы, экологиясы туралы толғандырып жүрген ойларын ортаға салды. Зерттеу жобаларын аса жауапкершілікпен, шығармашылық ізденіспен қорғай алған мектебіміздің дарынды көшбасшыларына алғысымыз шексіз, алар асулары мықты болсын! Конференцияның соңында оқушыларға, жетекшілеріне сертификаттар тапсырылды.
Жоба жетекшісі: Ж.М.Имангалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *