"Мәдени мұра" тарихи функционалдық сауаттылық апталығы аясында мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерімен "Менің өлкемнің пайдалы қазбалары" тақырыбында әңгімелесу жүргізілді. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды туған өлкенің тарихымен таныстыру, туған өлкенің тарихын білу, рухани-адамгершілік негіздері мен құндылықтарын қалыптастыру, патриотизмге, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау. Балалар өлкемізде шығатын пайдалы қазбалармен және сол салада жұмыс жасайтын мамандық иелерімен танысты. Шахтердің суретін қызығушылықпен бояды.# мәдени мұра #umckg
