Skip to content

2023 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың…

2023 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Мұзафар Әлімбаев – балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында облыстық фестиваль өтті. Фестивальға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Имангалиева Ж.М, Адамбаева Б.Т-ның ұйымдастыруымен жазушының өмір жолдары, шығармашылығына байланысты "Мұзафар Әлімбаев -балалар жанының сөнбес шырағы" тақырыбында ТЕDx форматында конференция өткізілді.Мақсаты:
Білім алушылардың бойында шешендік өнерді
дамыта отырып, алуан түрлі көзқарастар мен
пікірлерге құрметпен қарау, жазушының
шығармасындағы құндылықтарды бойларына сіңіру,
таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту, тұлға ретінде
үлес қосу, өзекті идеялар ұсына білу секілді дағдыларды қалыптастыру. Спикерлер Нұрланқызы Балнұр, Ибрагимов Ақтілек, Жұмағали Мерұлан, Мұрат Сұлтан, Әбіш Аяулым, Сейлғазы Нұрхан, Аханова Айым өздерінің іздену жұмыстарын, көзқарастарын ортаға салып, ойларымен бөлісті. Конференция соңында оқушылар бірнеше идеялар ұсынды:
📝Ұлы тұлғаның еңбектерінің тәрбиелік тағылымдары жинақтау;
📝Жазушының шығармашылын саралап, жүйелеп «Мұзафартану» курстары жүргізу;
📝М.Әлімбаевтің еңбектеріндегі ұлттық психология мен ұлттық педагогика мәселелері тереңірек зерттеу;
📝«Мұзафартану» олимпиадаларын, апталықтарын ұйымдастыру;
•📝Бастауыш және орта буын оқушыларының арасында «Мұзафар оқуларын» ұйымдастыру

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *