«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де «Балаңызды нашақорлықтан және электронды сигареттен қорғаңыз!»тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібі бойынша мед бике Жазибекова Саягуль Саменовна нашақорлықтың алдын алу және электронды сигареттің зияны бойынша ақпарат берді.Мектеп директоры Г.Ж.Балапанова ата-аналармен оқушылардың сабаққа қатысуы,үлгерімі, мектептің ішкі тәртібі бойынша айтып өтті.Сынып жетекші С.С.Торебекова сынып оқушыларының үлгерімі,ҰБТ-ға дайындығы бойынша ақпар берді.Жиналыс соңында мектеп психологы Ж.Б.Журчинова ата-аналармен сауалнама жүргізе отырып,психологиялық көмек берді. Ата-аналар бірнеше сұрақтар қойып тиесілі жауаптарын алды.
