Skip to content

«Кітаппен бірге өсеміз!» Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, Кітап…

«Кітаппен бірге өсеміз!»
Кітап – көп ақылдың құйылған көлі,
Кітап – халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы
Ө.Тұрманжанов

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында күзгі каникулда оқушылар «Кітаппен бірге өсеміз!» тақырыбында 01 қарашада кітапханаға саяхат жасады. Өздері оқыған кітаптарымен ой бөлісіп, бұл қандай ертегі,ертегі кейіпкерлерін ата? деген сауалдарға жауап берді.
Мақсаты: Оқушының кітаппен өз бетінше жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Оқығанды түсінетіндей жылдамдықпен оқуға; Кітап мәтініндегі негізгі ойды ажырата білу ; Шығарма кейіпкерлеріне баға беру.
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие құралы. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтің бірі. Сол үшін де халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді. Кітап оқу адамның жанын тазартады, өмірге құштарлығын оятады дейді. Ең бастысы, жаны бай адам болмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *