Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нде 02 қарашада 8 А сынып оқушыларымен күзгі каникулдағы іс –шаралар аясында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған « Бала деп соққан баурымал жүрек » тақырыбында танымдық сағат өтті.
Мақсаты: оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Ұлы Абай атамыз айтқандай «Өлмейтұғын артында із қалдырған» ақын ағаларымыздың шығармаларын келешек ұрпақ санасына сіңіру мақсатында өткізілген іс-шараға оқушылар белсене қатысып, ақынның өлеңдері,мақал-мәтелдері, жұмбақтары, нақыл сөздерінен дайындалған лепбукпен танысты.
Лепбук бірнеше тақырыпшалардан құралған: «Өмір жолы» « Ақын жайлы үзік ойлар», «Халық тағылымынан», «Мәнісін түсіне біл!» «Әдеппен жүріп әдеттен», «Сен білесің бе?» . Оқушылар ондағы тапсырмаларды орындап, мақалдарының төркінін түсіндірді. Жұмбақтарды шешіп, тыйым сөздер мен мәндес сөздердің мағынасына тоқталды.
8 А сынып жетекшісі: Шаймерден А.М.
