Skip to content

Мектеп педагог-психологы Ж.Б. Журчинова мен кәсіптік бағдар маманы К.М. Алпысбаевна…

Мектеп педагог-психологы Ж.Б. Журчинова мен кәсіптік бағдар маманы К.М. Алпысбаевна мектепішілік жоспарлары бойынша 9”А” және 9 “Ә”сыныптар аралығында дөңгелек үстел үстінде «Мамандық таңдау маңызды іс» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру. Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу. Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту. Сабақтың әдісі пікірлесу мен сұхббаттасу болғандықтан, ашық әңгіме алаңында қатысушы оқушылар өз ойларын тақырыпқа сай ашық білдіріп, отырды. Педагог-психолог, 9 сынып түлектеріне өмірлік мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар көрсетті, болашаққа деген мотивацияларын арттырды. Тренинг өз мәнінде өтті. Қатысушы оқушылардың тарапынан, мұндай жұмыстар жиі жүргізіліп, отырса деген ұсыныстар түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *