Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 28.11.2023…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 28.11.2023 күні сағат 15.00-де «Ғибратты ғұмыр иесі-Мағжан» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Алаш идеясы-жаңа Қазақстанның тұғыры» тақырыбында TED х форматында қалалық конференция өткізілді.Ұлы ақынның баға жетпес шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметпен қарау, оқушының бойында тыңдай білу, түсіну, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білу, таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту дағдыларын қалыптастыру және өзекті идеялар ұсыну мақсатында конференция төрт бағытта ұйымдастырылды. Конференцияға қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларынан әр мектептен 2 оқушы қатысты.Конференцияға қатысқан оқушыларды бағалауға өлкетану мұражайының директоры Кожаков Даулет Асанханович,Орталық Қазақстан газетінің тілшісі Кәрім Нұрдос Маратұлы,зейнеткер кітапханашы Махашова Коптлеу Шойынбаевна шақырылды.Қорытындысында оқушылар І,ІІ,ІІІ орындармен және сертификаттармен марапатталды.
1.Серік Аделя . әл -Фараби атындағы мектеп 1 орын.
Жетекшісі: Калыкова Айнұр Жанболатовна.
2.Шыныбекқызы Айдана,2 орын.Саяқ кенті №6 жалпы білім беретін мектебі.
Жетекшісі: Сандыбаева Данагүл Жасұланқызы.
3. Қабдығали Гүлшат, 2 орын. Абай атындағы №2 мектеп – лицейі. Жетекшісі: Карибжанов Ержан Турарович
4. Сайлаубек Аружан, 3 орын. Саяқ кенті №6 жалпы білім беретін мектебі.
Жетекшісі: Қожахметов Адлет Болатович
5. Толеуқұл Рауан, 3 орын. М. Русакова атындағы мектеп- интернаты КММ
Жетекшісі: Жаксыгелдин Ильяс Тилекович
6. Абельдинова Дильназ, Қымран Нұрбейне, 3 орын. Жалпы білім беретін №5 мектебі КММ.
Жетекшісі: Имангалиева Ж. М
Конференция соңында мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна конференцияға қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, Мағжан есімін атағанда үлкен тебіреніс сезіммен зор қуанышқа бөленуіміз заңды, өйткені асыл аға, дара ақын есімін иелегенген мектебіміз десек, бұл біздер үшін мақтаныш болып табылады деп айтып өтті. Болашақ Мағжандық жастар яғни, бастауыш сынып оқушылары Мағжан өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
#қалалықконференция
#TEDx
#конференция

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *