2023 жылдың 04 желтоқсанда мектептің 5-11 сыныптарында әлеуметтік педагог «оқушылардың буллингке тап болуы немесе болмауын» зерттеу мақсатында «Сіз «Буллинг» не екенін білесіз бе?» тақырыбында сауалнама алды. Сауалнамаға 5-11 сыныптардан 272 оқушы жауап берді. Сауалнаманың қорытындысына сүйеніп мектеп инспекторымен біріккен «Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбына алдын алу, ағарту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
