Skip to content

📝Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында өткізіліп жатқан “Даналық мектебінің” жоспарына сәйкес…

📝Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында өткізіліп жатқан “Даналық мектебінің” жоспарына сәйкес «Аталар мектебі» іс –шарасы өткізілді.
📝Мақсаты: Жеті атаны білу арқылы өзіңді тану. Атадан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу. Ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету, шығармашылыққа баулу.
Осы іс – шараға Башаров Жанболат Башарұлы атамыз және Нұрсеитов Аман Несіпбайұлы атамыз қатысты. Өздерінің ақыл кеңестерін, өмірден түйген әңгімелерін ортаға салып, құнды ақпараттармен бөлісті. Оқушылармен сыр –сұхбат барысында «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деп қонақтарымыз оқушыларға сенім артты. Башаров Ж.Б – ның жарыққа шыққан “Пешене” кітабын Чекушкин Яраславқа орынды жауабы үшін сыйға тартты. Келген қонақтарымыз қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі бата берілді. Іс-шара өз деңгейінде өтті. Келесі «Аталар мектебі» іс-шарасының жоспары құрылды.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *