Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 желтоқсан күні мектеп кітапханасында 8Ә сынып оқушылары «Тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбындағы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмесіне қойылған «Алаш ұландары ақталды» , К.Табей «Қайсар рухты қазақ», С.Мұхаметжанова туралы бейне материалдар, баспасөз беттерінде жарық көрген тәуелсіздік туралы материалдар және буклетке кітапхана меңгерушісі К.Махашова шолу жасады. Айым Әділетқызы М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» шығармасын оқыды. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін!
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#Тәуелсіздіккүнібілім09