2024 жылдың 15 қаңтар күні Тілдер апталығында жоспарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қуанышбаева М.А 7 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Әлеуметтік желілер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ беру барысында мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру, етістіктің осы шағын тауып сұраққа жауап беру, берілген сөйлемде осы шақты табу және шығармашылық жұмыстар жасау мақсаты көзделді. Осы мақсатқа жету барысында «QAZ MATH», «Берілген мәтінді аяқтау», «Сұхбат», «WhatsApp» әдістері қолданылды.
Сабақ барысында оқушыларды бағалау мақсатында әр дұрыс жауаптары үшін ҚБ айтылып отырды. Сабақ соңында әр топ жинаған ұпайларына байланысты бағаланды.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb