🗓️Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің мектеп координаторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Имангалиева Жанылган Муратовна серіктес мектеп жоспарына сәйкес және қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бірлестігінің «Тарих пен тіл тамырлас» атты пән апталығына орай, «Қысқа мерзімді жоспарды жүйелі құрастыру- табысты оқытудың кілті» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
🎯Мақсаты:әріптестердің кәсіби білімін , әдістемелік шеберлігін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, сабақты тиімді жоспарлау әдістерін үйрету.
✅Міндеттері:
✍️пән бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға әдістемелік көмек көрсету;
✍️оқытудың интербелсенді әдіс- тәсілдерін сабақты жоспарлауда тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру;
✍️сараланған тапсырмалар дайындауға, кері байланыс жасауға бағыт беру.
📚Шеберлік сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілдері, бастауыш сынып, тарих, АӘД мұғалімдері қатысты.
✍️«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге болу – бұл ілгерілеу, бірге жұмыс істеу – бұл жетістік», деген ағылшын ғалымы Генри Форддың сөзімен бастап, ҚМЖ құрудағы қандай қиындықтар кездеседі, сабағымыз сәтті өту үшін жоспарды қалай реттеуге болады, жоспар құруда қандай құжаттар мен бұйрықтарға сүйену керектігі, сабақ мақсатына жету үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданамыз?- деген басты сұрақтарға тоқталды.
📎Қатысушылар, «ҚМЖ құрастырудағы бес қағида» тақырыбындағы бейнероликті көріп, пікір алмасты.Әр пән мұғалімдері жұптасып, оқу мақсаттарына сайкес , тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сараланған тапсырмаларды анықтап, ҚМЖ жасап, қорғады. Соңынан «Пошта жәшігі» арқылы кері байланыс жасалды.
✍️Бүгінде әрбір сабақ «Мақсат- нәтиже» ауқымында құрастырылуы керек. Яғни, сабақта ең бастысы- сабақ мақсаты.
🎯Мұғалімнің міндеті – күнделікті сабақ барысында барлық оқушылардың мақсатқа жетуіне көмектесу, деп қорытынды жасалды.
#шеберліксынып
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb