Skip to content

«Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталғы аясында қаңтардың 22-сі күні 1…

«Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталғы аясында қаңтардың 22-сі күні 1 А сыныбында « Математика патшалығына саяхат» атты іс-шара жүргізілді. Ең алдымен оқушылар «Зеректер, тапқырлар және білгірлер» болып үш топқа бөлінді. Топқа бөлінген соң оқушылар 5 айналымнан тұратын ойын ойнады. Бірінші айналым «Зейін сал». Әр топ суреттің айырмашылығын тауып, өзара жарысты. Екінші айналым «Шифрлер». Бұл айналымда балалар математикалық заңдылықты меңгеріп, сұрақтарға жауап берді. «Графикалық диктант» атты үшінші айналымда оқушылар жидектердің аттарын, өзгешелігін іздеп, зерттеді. Бұл айналым арқылы балалар оңды солды ажыратып, қызыға ойнады. Одан соң сергіту сәтінде «Пішіндер биі» әуені қосылып, балалар әртүрлі пішін жасап биледі. Кейін балаларға «Ойлан, тап» математикалық жұмбақ есептер берілді. Қорытындылай келе балаларға сұрақтар қойылып, жеңген топтар марапатталды. Зеректер 1 орын, тапқырлар мен білгірлер 2 орын. Балалар тапсырмаларға қызығушылық танытып, жарыса орындады. Іс-шараның мақсаты: 1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу.
2. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой – өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, ұжымдыққа, ептілікке, достыққа тәрбиелеу. Іс-шара өз мақсатына жетті.
Сынып жетекшісі: Албергеноват Т.Д

#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *