12 ақпан күні 11 «А» сыныбында «Жеткіншектің Жеті жарғысы», «Ұрпаққа аманат» жобалары аясында, 15 ақпан -Ұлттық тарих күні. «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» тақырыптарында өнеге сағаты өтті.
Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерді еске алу, ерліктерін үлгі тұту.
Өнеге сағатында, 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерінің ең соңғы бөлімшесі қайтарылғаны туралы, осы оқиғаға байланысты 15 ақпан Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні деп жарияланғаны, тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі Е.Бекмаханның өмір жолы туралы ақпараттар айтылды.
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл тақырыбында дайындалған бейнероликті тамашалады.
Сынып белсендісі Мұрат Сұлтан «Ауған соғысы» жайлы көрген фильмнің мазмұнымен бөлісті.
Бүгінгінің батырларын дәріптеу, оларды ел алдында құрметтеу -бір ұлылық. Олардың ерліктері жастарға үлгі болып, патриоттық сезімін оятары хақ.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
